Ел жаңалықтары

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобустар қатынайтын болады

  • © cxid.info

    © cxid.info

Қазақстан мен Өзбекстанның ірі қалалары арасында тұрақты автобус бағдарлары биылғы жылдың соңына дейін ашылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтері арасында жасалған халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі қаралды.


Жеңіс Қасымбек атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус бағдарлары жоқ. Бұл шекараны өту кезінде қолайсыз жағдайлар тудырады.


"Хаттамаға сәйкес автомобиль көлігімен жолаушыларды тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау үшін құқықтық норма бекітіледі. Хаттама күшіне енген соң екі елдің ірі қалаларының арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылатын болады. Біздің жоспарымыз бойынша алғашқы автобус бағдары биылғы жылдың соңына дейін іске қосылады", — деді министр.


Оның айтуынша, бұл хаттама екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға және халықтың екіжақты байланысын нығайтуға оң ықпал етеді.


Sputnik




 




Көрілген: 827    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.09.2017, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31