Ел жаңалықтары

Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?

  • Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?

    Қазақстанда 1 қазаннан бастап не өзгереді?

Банк саласы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер болады. Қазақстандықтарды теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі, тұмауға қарсы екпе бойынша өзгерістер күтіп тұр, ал кәсіпкерлер кассалық аппараттарды ауыстыруға мәжбүр болады.


Теңгемен ашылған депозиттің мөлшерлемесі өзгереді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жинақ және жедел салымдары бойынша жаңа шекті сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Теңгемен депозит ашқысы келетін азаматтар үшін жаңа салымдар бойынша шарттар 1 қазаннан өзгереді.


Бұл күнге дейін ашылған салымдарға бұрынғы келісімшарттар бойынша қызмет көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзімі мен түріне, мерзімінен бұрын шешіп алу мен толықтырып отыру құқығына байланысты сараланады.


Өтімділігі мен табыстылығы бойынша түрлі деңгейдегі салымның үш санаты болады. Банк клиенттері өз жинақтарын жедел, жедел емес және жинақ депозиттеріне сала алады.


Жедел емес салымдардың табыстылығы ең төмен болады. Бірақ салымшы депозиттегі ақшасын кез келген уақытта шешіп алу мүмкіндігіне ие. Ал жедел салымдардан ақшаны алу қиынырақ болады, бірақ табыстылығы жағынан тиімді болады. Жинақ депозиттерінің табыстылығы ең жоғары, есесіне ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алу талаптары қатаң болады.


Жаңа кассалық аппараттар


1 қазаннан бастап 65 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер әдеттегі кассалық аппаратты онлайн аппаратқа ауыстыруға мәжбүр.


Бизнесмендер бұл норманы орындамаса, оларға айыппұл салынады. Жаңа ережені бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішті (36 075 теңге) құрайды.


Тұмауға қарсы екпе басталады


Қазақстанда 1 қазаннан екпе егу науқаны басталады. Бір миллиард теңгеден астам қаржыға бір жарым миллион доза вакцина сатып алынған.


Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин биыл тұмаудың екі жаңа түрі – "Сингапур" мен "Колорадоның" қосылатынын ескертті. Маманның айтуынша, "А" типі өте қауіпті, өйткені оған қарсы тұратын иммунитет жоқ.


sputniknews.kz




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31