Ел жаңалықтары

Қазақстанда 19 пойыздың қозғалыс кестесі өзгерді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

31 шілде күні Жамбыл облысында болған жүк пойызы апатынан 19 пойыздың қозғалыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта пойыздардың қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық шаралар жүргізіліп жатыр.


«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесіне сәйкес, жолаушыларға жолда тұрған әрбір сағат үшін билет құнының 3 проценті төленеді. Бірақ, жалпы өтемақы билет құнынан аспауы тиіс. Өтемақы алу үшін ҚТЖ АҚ билет кассаларына бару керек. Жолаушылардың көптігінен кезек туындауы мүмкін. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін барлық жолаушылардан кешірім сұрайды және аталған жағдайға түсіністікпен қарауды өтінеді», - деп хабарлады ұлттық комания.


Толығырақ ақпаратты 105 бірыңғай нөмірі арқылы немесе теміржол вокзалдарының анықтама қызметінен алуға болады. Жаңартылған кесте ұлттық компанияның сайтында жарияланған.


Еске сала кетсек, Сарышаған стансасында жүк пойыздары вагондары (Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 пойыз) рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді.


Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-на тиесілі 28-ші вагондағы бүйір рамасының сынып кетуі себеп болған. Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.


 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 19:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31