Ел жаңалықтары

Қазақстанда 2019 жылдың қарашасында халық санағы жаңаша жүргізіледі

  • Қазақстанда 2019 жылдың қарашасында халық санағы жаңаша жүргізіледі

    Қазақстанда 2019 жылдың қарашасында халық санағы жаңаша жүргізіледі

 Қазақстанда халық санағы 2019 жылдың қарашасында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлады ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды.


"Халық санағын 2019 жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отыр. Негізгі жаңашылдық - компьютерлендіру болмақ. Яғни, арнайы интернет-портал ашылып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады", - деді Руслан Даленов журналистерге бейсенбі күні.


Сонымен қатар, ол санақ кезінде мамандар планшет қолданатынын айтып өтті.


"Олар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, ЖСН сай келе ме, жоқ па - бірден тексеріліп отырады. Егер халықтың біршама бөлігі интернет арқылы тіркелсе, санақшыларға түсетін жүк айтарлықтай жеңілдейді", - деп атап өтті вице-министр.


Оның айтуынша, 2018 жылдың сәуірінде Аягөз (Шығыс қазақстан облысындағы қала) бен Бурабайда (Ақмола облысындағы ауыл) жүйе пилотық жоба ретінде басталып, "планшеттердің, интернеттің, формалардың жұмысы тексеріледі".


Қазақстанда бұған дейінгі халық санағы 2009 жылы жүргізілген болатын.


Қазақстан халқының саны - 18 миллион адам.


"Интерфакс-Қазақстан"




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.02.2018, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31