Ел жаңалықтары

Қазақстанда 4500 жетім бала отбасына оралды

  • Қазақстанда 4500 жетім бала отбасына оралды

    Қазақстанда 4500 жетім бала отбасына оралды

 Соңғы бес жыл ішінде 4,5 мың жетім бала отбасыларына оралды, деп мәлімдеді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков.




Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.


«Соңғы жылдары балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайып келе жатқаны байқалады, тиісінше балалар үйлерінің саны қысқарып жатыр. Соңғы бес жылда жетім балаларға арналған ұйымдарда балалар саны 40 процентке, 10 мыңнан 6 мыңға дейін азайды. 4,5 мыңға жуық бала отбасыларына оралды», — деді ол білім және ғылым министрінің халыққа есеп беру кездесуінде.


Оршыбековтің айтуынша, жетім балалардың азаюының арқасында Қазақстанда 50 мамандырылған мекеме қайта құрылып, жабылған.


«Балалар үйінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қамқоршылық кеңестері құрылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер банкі жұмыс істейді.


Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру үшін 2014 жылдан бастап әр тәрбиеленушіге еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін есепшот ашылды.


Осы бағдарламаның арқасында 7779 тәрбиеленушіге 5 миллиард теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. 2017 жылы 225 оқушы осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгінде университеттер мен колледжерде оқып жүр. Бұл практика болашақта да жалғасын табады», — деді Оршыбеков.


Sputnik.kz




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31