Ел жаңалықтары

Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

  • Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

    Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

2019 жылы Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандауы мүмкін. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеттері бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі болып отырғандығын атап өтті. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.


«Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен де, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен бірлесе біздің ұшақтар паркі үшін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету бөлігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылы толықтай отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оңтайлы нәтиже байқалады», - Т. Тоқтабаев. Оның атап өтуінше, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр.


ҚазАқпарат.




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31