Ел жаңалықтары

Қазақстанда балаларға шекарадан шығу үшін жеке төлқұжаттар жасалатын болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР ІІМ Қазақстан азаматтары өзге елдердің шекарасынан өтуін жеңілдету мақсатында заңға өзгертулер енгізеді. Өзгерістерге сәйкес, шекарадан өту үшін ата-аналардың төлқұжаттарына 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін жабыстыруды алып тастау қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Тұлғаны куәландыратын құжаттар жөнінде» ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан 16 жасқа дейінгі балалардың суретімен бірге олар туралы жазба енгізілуі мүмкін.


Әлемдегі лаңкестік пен экстремизм қаупінің күшеюіне байланысты, көптеген елдер шекараларынан өткізу тәртібін қатайтуға мәжбүр болды. Мемлекеттің шекарасынан өту үшін ата-анасымен бірге елден сыртқа шығатын 16 жасқа дейінгі балалардан Қазақстан Республикасының азаматы (мысалы, Шенген аймағындағы Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ және т.б.) екенін растайтын құжаттың болуын міндетті талап ретінде қарастыратын елдердің саны артуда.


Сондықтан, ҚР ІІМ Қазақстанның азаматтарына өзге елдердің шекараларын оңайлықпен өтуге мүмкіндік жасау үшін ата-аналардың төлқұжаттарына 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін жабыстыруға тыйым салуды қарастыратын заңға өзгеріс енгізеді.


Сәйкесінше, балаларға елдің шекарасынан өту үшін жеке төлқұжат жасалуы керек. Жаңа өзгертулер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


 




Көрілген: 178    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 18:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31