Ел жаңалықтары

Қазақстанда ең көп тараған фамилиялардың бестігі белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған адамдар тегінің бестігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мұрат Жұманбай бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды.


«Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда ең көп таралған адамның тегі - Ахметов. Қазақстанда дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында - Омаровтар (45 123). Ким атаулы тегі бар адам санының үштіктен көрінуін күтпегенім шындық. Дәл осындай тегі бар Қазақстанда 42 274 адам тұрады екен. Төртінші орында Оспановтар (41 068). Бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар түйіндейді», - деп жазды ол.


Бестіктен кейінгі орындарда Әлиевтер - 36 084 адамды, Сүлейменовтер - 33 940, Ысқақовтар - 31 988, Әбдірахмановтар - 29 091, Ибрагимовтар - 28 755, Қалиевтар - 28 219, Садықовтар - 27 810, Ибраевтар - 26 531, Кузнецовтар - 25 990, Поповтар - 24 956, Смағұловтар - 24 005, Абдуллаевтар - 23 729, Исаевтар - 22 910, Сұлтановтар - 22 808, Юсуповтар - 22 763, Исмаиловтар - 21 392, Нұрғалиевтар - 21 133, Кәрімовтар 20 575 адамды құрайды.


«Айтпақшы, тегі Мұрат деген адамдардың саны Қазақстанда - 10 006», - деп түйді Мұрат Жұманбай.


 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31