Ел жаңалықтары

Қазақстанда энергетикалық сусындарға тыйым салуды ұсынды

  • Қазақстанда энергетикалық сусындарға тыйым салуды ұсынды

    Қазақстанда энергетикалық сусындарға тыйым салуды ұсынды

Мәжілісмен Сәкен Қаныбеков энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстандық мамандардың пікірінше, энергетикалық сусындар психотропты, тәуелділік тудырып, орталық жүйке жүйесінің нашарлауына әкеледі. Мұндай сусындарды ішпеу туралы ұсыныстар көзге көрінбейтін, өте кішкентай әріптермен жазылған. Ал пайдасы бар қоспалар туралы үлкен әріптермен көрсетілген. Осыдан кейін мұндай сусындар пайдалы деген ой туындайды", - дейді Қаныбеков премьер-министр атына жолдаған сауалында.


Депутаттың сөзінше, құқық қорғау органдарының мәліметтері энергетикалық сусын ішетін жасөспірімдер ашушаң келеді, үш есе жиі темекі шегеді, есірткі заттарын қабылдайды, осының салдарынан құқық бұзуға да барады.


Мәжілісменнің айтуынша, шетелдік ғалымдардың зерттеулері де энергетикалық сусын құрамындағы заттар абыржу, ұйқысыздық, тітіркену, ашушаңдық сезімдерін тудырып, жүректі жиі соқтырады және өзге де зиянды жақтары барын көрсетіп отыр.


"Елімізде энергетикалық сусындардың жасөспірімдерге сатылуын шектеу қажет, ол үшін әкімшілік жауапкершілік немесе сатуға мүлде тыйым салу қажет деп есептейміз", - делінген сауалда.


Айта кетейік, мемлекеттік санитарлық бас дәрігердің 2013 жылдың 19 тамызындағы № 12 жарлығы бойынша, мұндай сусындарды мектептер, ЖОО, денсаулық сақтау ұйымдары, жастар мен жасөпірімдердің қатысуымен өткізілетін мәдени іс-шараларда сатуға тыйым салынған болатын. 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30