Ел жаңалықтары

Қазақстанда жаңа жылыту маусымы қашан басталады

  • Қазақстанда жаңа жылыту маусымы қашан басталады

    Қазақстанда жаңа жылыту маусымы қашан басталады

 Қазақстанда жұмыс жоспарына сәйкес барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік нысандарды 2017-2018 жылғы жылыту маусымына дайындықты аяқтау ағымдағы жылдың 15 қазанына жоспарланған. 


Сәйкес құжатты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекітті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА-ның сауалына жолдаған жауабында. Ведомствоның дерегі бойынша, 21 қыркүйекте Қазақстанда жылу маусымына: сумен жабдықтау желілерінің 87,9% -ы (2040 км-дің 1792,4 км), автономды қазандықтардың 94,8% -ы (10 326 бірліктің 9791 бірлігі), жылумен жабдықтау желілерінің 95,3%-ы (2112,9 км-дің 2013,9 км-ы), тұрғын үй ғимараттарының 91% (43 572-дің 39753-і), денсаулық сақтау мекемелерінің 98,1%-ы (6,444-тің 6324-і) және оқу орындарының 100%-ы (11139) дайындалды.


Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық барысында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне жолдаған сауалдың жауабында атап өткендей, электр станцияларының 4 энергоблогында (жыл сайынғы көлемнің 40%-ы), 33 қазандығында (54%) және 24 турбинасында (48%) дайындық жұмыстары аяқталған.


Сонымен қатар, 5 энергоблокта, 22 қазандық пен 15 турбинада әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, орталықтандырылған жылу жүйесіндегі қазандықтарды жөндеу жұмыстарының 97%-ы аяқталған, сондай-ақ республика бойынша 21,6 мың шақырым электр беру желілері жөнделген, бұл жылдық жоспардың 89%-ын құрайды.


Жалпы алғанда, күзгі-қысқы кезеңге электр энергиясын өндіруге дайындық мәселелері бойынша айтарлықтай проблемалар жоқ, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.


qazaquni.kz


 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 24.09.2017, 18:12

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30