Ел жаңалықтары

Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың YouTube-жобасы құрылды

  • Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың YouTube-жобасы құрылды

    Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың YouTube-жобасы құрылды

Отандық интернет-аудитория назарына диалогтік онлайн-алаң форматы бойынша құрылған «Таза ниет» ток-шоуының бірінші шығарылымы ұсынылды. Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Іскер азамат – Ел тірегі» бағыты аясында қолға алынған жаңа жобаға қатысушылар қазақстандық бизнеске кері әсерін тигізетін қауіп-қатерлер мен көпшілік біле бермейтін жайттардың өзекті мәселелерін талқылады.

Бағдарлама құрастырушылары жобаның мақсаты Қазақстандағы рейдерлік шабуылдардан қорғанудың жүйелерін жетілдіру болып табылатындығын айтады. Себебі мұндай түйткіл бар және оның өте өзекті екендігін жасыра алмаймыз. Аталмыш шоудың алғашқы шығарылымын тамашалағандай, жұртшылық оның алдағы түсірілімдерін де YouTube-тағы Taza Niet арнасынан көретін болады.

Жобаның алға қойған міндеті қарапайым: кедергіге тап болған кәсіпкер көрермендер мен құрамында заңгерлер, журналистер, блогерлер, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Жоғарғы сот және тағы басқа да құзырлы мекеме өкілдерінен тұратын сарапшыларға өз мәселесін еш бүкпестен айта алады. Талқылаудан соң сарапшылар түйткілді шешудің мүмкін жолдарын нұсқайды. Көрермендердің көз алдында кез келген кәсіпкердің алдынан шығуы мүмкін келеңсіз жайттар айқын әрі нақты көрсетіледі.

Ток-шоудың әр бағдарламасында түрлі саланың белді және беделді тұлғаларынан тұратын 10 қонақ қатысады. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің өткір мәселелеріне қоғам назарын аударады. Бағдарламаның бірінші шығарылымына қатысқан сарапшылар небір қиындықтарға төтеп беремін деп кәсібі мен бостандығынан, соңында тіпті денсаулығынан айырылып, дүние салған кәсіпкер Саят Түсіповтің басынан өткен оқиғаларын жан-жақты талқыға салып, шындықты ашуға тырысты. Себебі бизнесменнің өмірінің соңы қат-қабат қиындықтарға ұласып, күннен-күнге ушыға түскен. Басында ісік пайда болғанына қарасмастан, ол тергеу изоляторына жатқызылып, 2016 жылы жан тәсілім етеді.

Бағдарламаға оның жесірі Назира Түсіпова да келді. Кәсіпкердің соңғы күндерін баяндаған келіншектің әңгімесінен кейін бағдарлама жүргізушісі Руслан Құмарбекұлының ортаға сауал тастауымен аудиторияда қызу пікірталас орнады.

Бастама кәсіпкерлердің мәселелерін баяндап қана қоймайды, ол сондай-ақ түйткілдердің шешілу жолдарын көрсетуге бағытталған.

Көпшілікке кез келген кәсіпкердің алдынан шығуы мүмкін тосқауылдар анық көрсетіліп, толыққанды жауаптар беріледі. Сонымен қатар барлық шынайы оқиғалар мен сарапшылардың пікірлері көрермендердің жеке құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі.

Айта кетсек, «Таза ниет» ток-шоуы Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Іскер азамат – Ел тірегі» бағыты аясында қолға алынып отыр. «Іскер азамат – Ел тірегі» қоғамның бизнеске деген сенімін және кәсіпкерлердің танымын арттыру сияқты екі бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді.

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.08.2018, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31