Ел жаңалықтары

Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

  • Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

    Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

SCAT әуе компнаиясы кейбір рейстерді тоқтатып, билет бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.


Себебі, әуе компаниясы желтоқсанда алуы тиіс сұйық отынның 20 пайызға жетпейтін мөлшерін ғана алыпты. Жетіспеген жанармайды шетелде алғызатын болса билет бағасы да қымбаттайды.


Желтоқсанда жеткізілуі тиіс 4 мың 875 тонна авиакеросиннің орнына бар-жоғы 780 тонна ғана түсіпті. Келісімшартпен міндеттелген «ПетроСан» компаниясына сенгендіктен, өзге жанармай қоры да болмаған. Осының салдарынан SCAT әуе компаниясы «Алматы – Петропавл», «Алматы – Көкшетау», «Шымкент – Петропавл», «Қарағанды – Қызылорда» секілді рейстерін мүлдем тоқтатуы мүмкін.


«Әкелінуі тиіс авиакеросиннің тек бестен бірін ғана алып отырмыз. Мұндай жағдайда ұшу кестеміз де құрдымға кетуі мүмкін. Егер жанармайды шеттен алатын болсақ бұл жолаушылардың қалтасына әсер етеді. Өйткені сұйық отын билеттің 40 пайызын құрайды», – деп түсіндірді SCAT әуе компаниясы жанармаймен қамту бөлімінің басшысы Дмитрий Ульянов.


kaz.365info.kz




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31