Ел жаңалықтары

Қазақстандық балалар үйінің екі тәрбиеленушісі Ресейдің НТВ арнасында өнер көрсетеді

  • Қазақстандық балалар үйінің екі тәрбиеленушісі Ресейдің НТВ арнасында өнер көрсетеді

    Қазақстандық балалар үйінің екі тәрбиеленушісі Ресейдің НТВ арнасында өнер көрсетеді

Ресейде «Ты супер» халықаралық музыкалық байқау қайта ұйымдастырылып жатыр. Жақын күндері дәл осы байқауда қазақстандық Дәулетхан Ақанов мен Анна Сильченко өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап  Stan.kz.




Дәулетхан Ақанов Павлодар қаласындағы отбасылық типтегі балалар үйіне өткен жылдың тамыз айында келген екен. Ол жаңа үйінде «Арна» вокалдық үйірмесіне қатыса бастаған.


«Бұған дейін Дәулет Мичуринскідегі балалар үйінде тәрбиеленген. Ол қайта құрылғандықтан, тәрбиеленушілер басқа мекемелерге жіберілді. Дәулет балалар ауылында жалғыз емес, екі бауыры бар. Ана  ата-аналық құқығынан айырылған. Дәулет бірінші күннен-ақ вокалдық мүмкіндігін байқатты», – дейді балалар ауылының директоры Гүлбағда Кәрімова.



Гүлбағда Кәрімованың сөзінше, Дәулетхан «Ты супер» шоуына қатысу үшін іріктеу кезеңіне қатысып, Батырхан Шүкеновтің «Джулия» және «Дождь» әндерін орындаған. Оған ұйымдастырушылар бірнеше кеңес беріп, байқауға қабылданатынын хабарлаған. Шүкеновтің әндерін сүйіп тыңдайтын бала оның әндерін байқауға дейін де орындап жүрген екен. Балалар ауылындағылар Дәулетханның ресейлік шоуда жетістікке жететіне сенеді.


Мәскеуді бағындыруға аттанған тағы бір отандасымыз – 15 жастағы Алла Сильченко. Ол – Ақтөбе облысы Алға ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Жас әнші бұған дейін «Таңшолпан», «Айналайын» байқауларына және басқа да жобаларға қатысқан.


«Әрине, Алла кәсіби әнші емес. Біздің мектеп музыкалық білім беретін мекеме емес. Алайда ол – өте дарынды. Қарапайым, ұяң, ұстамды, тәрбиелі әрі ынталы қыз», – дейді Алланың вокал бойынша мұғалімі Вероника Власова.


Алланның үш ағасы бар. Олардың екеуі Алға ауылындағы балалар үйінен түлеп шыққан. Ал үшіншісі Алламен бірге балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.


«Жоба туралы ғаламтордан білдік. Сонымен қатар «Үміт» балалар үйінен хабарласты. Бұған дейін олардың  Влад Лоскутов есімді тәрбиленушісі «Ты Супер» және Рома мен Рамиль «Ты супер! Танцы» байқауына қатысқан еді», – дейді Вероника Власова.



Сондай-ақ, мұғалім Алланың шахмат ойынын, билегенді ұнататынын айтты. Алайда муызканы жанымен сүйеді екен.


«Оның ең сүйікті әні – Анна Германның «Надежда» әні. Сонымен қатар ол ағылшын, қазақ тілдерінде ән айтады», – дейді мұғалім.


Вероники Власованың сөзінше, Алла соңғы сәтке дейін Мәскеуге музыкалық байқауға қатысуға атанатынына сенбеген.


Айта кетсек, «Ты супер» байқауының екінші маусымы жақын күндері «НТВ» арнасында көрсетілетін болады.


Stan.kz



Көрілген: 423    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 20:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31