Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз кіре алатын болды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қазақстандықтар 10 наурыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болды. Бұл туралы ҚР-дағы БАӘ елшігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан халқын 10 наурызан бастап осы елдің азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін болуға визасыз режим енгізілуімен құттықтаймыз. БАЭ-ге қош келіпсіздер", - делінген Twitter-дегі хабарламада.


Ал өз кезегінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов осы жағдайға қатысты Facebook желісінде "Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады" деп пікір білдірді.


Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізіп, осы кездесудің басты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болған еді.

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31