Ел жаңалықтары

Қазақстандықтарға Рождество мерекесіне демалыс күні беріле ме?

  • Қазақстандықтарға Рождество мерекесіне демалыс күні беріле ме?

    Қазақстандықтарға Рождество мерекесіне демалыс күні беріле ме?

Жылда 7 қаңтар күні тойланатын православиелік Рождество Христово мерекесі 2018 жылы жексенбіге келіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес, мереке күні демалыс күндеріне сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс беріледі. Алайда, 7 қаңтар Рождество мерекесі мен Құрбан айттың бірінші күні бұл заңдағы ұлттық немесе мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді. Сондықтан, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылмайды. Өз кезегінде, "мерекелік күндер" ұғымына Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің күндері кіреді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес, ұлттық мерекелер - Қазақстан Республикасында елеулі оқиғаларға арналған, тарихи мәні бар, Қазақстан мемлекеттігінің дамуына айтарлық ықпалы бар мерекелер, мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси мәні бар, Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін оқиғаларға арналған мерекелер. Мемлекеттік мерекелер: 1-2 қаңтар - Жаңа жыл; 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы; 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр - Отанқорғаушы күні; 9 мамыр - Жеңіс күні; 6 шілде - Астана күні; 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтардың 2018 жылы неше күн демалатыны және жұмыс күндеріне қандай мерекелік күндердің ауыстырылатыны туралы толығырақ мына жерде оқуға болады.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.01.2018, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30