Ел жаңалықтары

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

  • © SMART NEWS

    © SMART NEWS

"Қазгидромет" РМК еліміздің жеті өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Синоптиктердің болжамынша, 13 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде 1 градус, ал Талдықорған қаласында 1-3 градус үсік жүреді.


13-14 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында 2 градус үсік жүреді, тұман түседі. Тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.


Таразда 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Сондай-ақ, 13-15 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с дейін баруы ықтимал.


Күндіз 13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады. Ал Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады деп болжануда.


 




Көрілген: 176    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 19:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30