Ел жаңалықтары

Қазан айында ауа райы қандай болады

  • © Informator.media

    © Informator.media

Алдағы үш күнде (3-5 қазан) Таймыр түбегінен енетін суық ауа массаларына байланысты еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Мұндай ауа-райы тіпті еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да айналып өтпейді, деп хабарлайды Қазгидромет.


Бұл күндері ауа температурасы: солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде 0… 8 аяз, күндіз 0… 5 жылыға дейін төмендейді; оңтүстікте және оңтүстік-шығысында түнде 3 аяз… 5 жылыға дейін, күндіз 5… 13 жылыға дейін төмендейді.


Есесіне еліміздің батыс өңірінде антициклонның ықпалымен ашық ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 3 аяз…5 жылыға дейін, күндіз 8…16 жылыға дейін жоғарлайды.


Жұмаға қарай Жерорта теңізінен оңтүстік-батыс және батыс ауа ағымдарымен Қазақстанның бүкіл аумағына жылы ауа массалары енеді.


7-10 қазан аралығында ашық және ең жылы күндер орнайды. Ауаның күндізгі температурасы: солтүстік жартысында + 10… + 18 ° С; оңтүстік жартысында + 20… 27 ° С жоғарлайды. Еліміздің батысында күндізгі ауа температурасы 18… 23 ° C қолайлы, ашық ауа райы ұзаққа созылады.


Ауа-райын ұзақ мерзімге болжау бойынша кезекті ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі және уақытша қар жамылғысының орнауы айдын ортасында және соңында күтіледі.


Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында айтарлықтай суық болады (нормадан 1 °C төмен); ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында күтіледі.


Жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде нормадан көп болуы күтілуде; Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктерлі аудандарда – норма шамасында, ал қалған аймақтарда — нормадан аз жауады.


Sputnik

 




Көрілген: 2150    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.10.2017, 21:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30