Ел жаңалықтары

ҚазҰАУ-да «Жайылымдар туралы» заң жобасын іске асыру барысы талқыланды

  • ҚазҰАУ-да «Жайылымдар туралы» заң жобасын іске асыру барысы талқыланды

    ҚазҰАУ-да «Жайылымдар туралы» заң жобасын іске асыру барысы талқыланды

2017 жылдың 19 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінінде жайылымдар туралы заңның авторларының бірі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы, мемлекет және қоғам қайраткері Жексенбай Қартабайұлы Дүйсебаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» заң жобасын іске асыру барысын талқылау жиыны өтті.


Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы ашып, басқосуға негіз болған өзекті тақырыпқа орай мазмұнды баяндама жасады. Ректор өз сөзінде елімізде 2015 жылы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері», үстіміздегі жылдың 20 ақпанында Үкіметте «Жайлымдар туралы» жаңа заңдар және «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып іске аса бастағанын тілге тиек етті. Ректор, сондай-ақ, бұл басқосудың мақсаты – Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдарымен жайылымдар заңыңдағы қабылданған өзекті мәселердің іс жүзінде орындалуы, жайылымдарды тиімді басқару үшін шешімін таппай отырған мәселелер туралы пікір алмасу екенін атап өтті.

 


Жиында сөз алған депутат Жексенбай Қартабайұлы Заң жобасында негізінен төрт басты бағыттар айқындалып, заңнамалық сипатта жеке баптармен бекітілген. Олар: жайылымдарды реттеу, ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жүйелерінен тұрады. Осы бағыттарды жүзеге асыратын үкіметтің, уәкілетті органның, облыс, аудан және ауылдық округ әкімшілерінің, мәслихаттардың, жергілікті өзін өзі басқару жүйесінің құзыреттері белгіленіп, жеке нормалары енгізілген. Өңірлердің мал ұстаудағы ерекшеліктері ескеріліп, нормативтер жасау мен бекіту жұмыстарын уәкілетті органның құзыретіне беру қарастырылғанын атап өтіп, осы заңның тиімді жүзеге асырылуына бірінші кезекте ауыл шаруашылық саласы мамандары мүдделі болуы тиіс екенін баса айтты.

Жайылымдық жер мәселесін жан-жақты талқыға салған жиында білікті мамандар тақырыпқа орай баяндамалар жасады. Атап айтқанда:

«Жайылымдық жерлерге мониторинг жүргізіп, басқару» - биология ғылымдарының докторы, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының профессоры Мирзадинов Рашид Абуасқарұлы;

«Шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтардағы аридті жайылымдық жерлер мен оларды жақсарту мәселелері» - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Агроинновация және экология» ҒЗИ директоры, Калдыбаев Сағынбай Қалдыбайұлы;

«Қазақстанның жайылымдық жерлерін сумен қамтамасыз ету» - техника ғылымдарының докторы, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры Мұстафаев Жұмахан Мұстафаұлы;

«АҚШ Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп, жайылымдық жерлердің деградацияға ұшырау деңгейін анықтап, бағалау моделін енгізу» Тұрақты егін шаруашылығы Орталығының маманы Душниязова Диана Сахитжанқызы;

«Жайылымдық жерлерді басқару мен тиімді пайдалану мәселелері» - экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, Агробизнес және консалтинг ҒЗИ директоры Сүлейменов Жеңіс Жұмағалиұлы;

«Жайылымдар туралы заң: оны қолдану тәжірибесі мен перспективалары» - заң ғылымдарының докторы, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Қуандықов Бахытжан Жұрынұлы;

«Маусымдық жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелері» - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор «Балық, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Сәмбетбаев Әділхан Әбуұлы;

«Жайылымдық жерлердің құнарлылығын арттыру, деградацияға ұшырауын төмендету және жайылымдық жерлердегі өсімдіктерді жинауды механикаландыру мәселелері» - техника ғылымдарының докторы, «аграрлық техника және технология» кафедрасының профессоры Садықов Жарылқасын Сәрсенбекұлы.

Жиынға ҚазҰАУ профессор-оқытушыларымен қатар агроөндірістік кешеннің білікті мамандары, шаруашылық жетекшілері, ғылыми-зерттеу институттары басшылары қатысып, аталған заңды жүзеге асыруға байланысты өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Жиында, негізінен төмендегідей мәселелер қаралды:

-жайылымдық жерлердің деградацияға ұшырауы;

- жайылымдық жерлер жеке меншікке ұзақ жылдарға жалға беріліп, негізінен жеке шаруашылықтардың тиімді пайдаланбауы;

- жайылымдық аймақтарды пайдалануды ұйымдастырудың және басқарудың ғылыми тұрғыда негізделген жүйесінің болмауы;

- ел аумағында соңғы жылдары мал шаруашылығын жайылыммен және жем-шөппен қамтамасыз етудің қарқынды дамуына байланысты ауыл маңайының шандануы, тозуы және тағы да басқада мәселер.

Сонымен қатар жиында аридтік, екпе жайылымдар туралы; жайылым айналымы және жайылымдарды басқару, оларды геоботаникалық тұрғыдан зерттеу, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шектеулі нормалары, жайылымдарды суландыру және түбегейлі жақсарту, инфрақұрылымды жандандыру, маусымдық және шалғайдағы жайылымдарды тиімді қолдану мәселелері де кеңінен талқыланып, оны шешу жолдары ұсынылды.


ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,

Суреттерді түсірген М.Ботабеков




Көрілген: 309    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 20.10.2017, 19:36

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30