Ел жаңалықтары

ҚазҰАУ «Халықаралық Қысқы Мектеп-2018» бағдарламасын қорытындылады

  • ҚазҰАУ «Халықаралық Қысқы Мектеп-2018» бағдарламасын қорытындылады

    ҚазҰАУ «Халықаралық Қысқы Мектеп-2018» бағдарламасын қорытындылады

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2018 жылдың 22 қаңтар – 3 ақпан күндері аралығында «Халықаралық қысқы мектеп-2018» шарасын өткізді. 


Халықаралық қысқы мектеп бағдарламасы келесі бағыттар бойынша өтті: «Су ресурстарын басқару», «Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар», «Жасыл экономика», «Табиғи ресурстарды басқару», «Өсімдік шаруашылығындағы агроинновация», «Ветеринария», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».

Қысқы мектеп оқытушыларының халықаралық командасы жоғары деңгейдегі мамандардан құралды. Бағыттар бойынша жетекшілер отандық және шетелдік ғалымдар, өнеркәсіптік зерттеу институттары мен өндіріс өкілдері болды. Бағдарламада арнайы дәрістер, мастер-класстар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Бағдарламаға қатысушылар бірқатар өндіріс орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында болып, тәжірибе жинақтады. Олар: Байсерке «Агро» ЖШС, «Алматы Нан» ЖШС, «КазНИВИ» ЖШС, «Казгипроводхоз» институты, «Бірінші Сыра зауыты» ЖШС, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық», «Қазақ механизация және электрлендіру» ҒЗИ, «Алатау жарық» энергетикалық компаниясы, «ЗаводАГРОТЕХ» ЖШС, «Animal Expert Group» ҰДО ЖШС,и «Arman Develop» ЖШС, «КазСемена» ЖШС, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зоологиялық музейі, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Медеу филиалы, Казлеспроект, Казгипролесхоз, Республикалық орман селекциондық орталығы, Ж.Жиембаева атындағы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин» ҒЗИ, Ботаникалық бақ, Жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы ҚазҒЗИ, Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс өсіру ҒЗИ, Қазақ ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғылыми-өндірістік кешен жұмысымен жақын танысты.




Тәжірибелік сабақтар сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Агротехнологиялық хаб пен оның құрамына кіретін: Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея, Су, Тағам қауіпсіздігі, Қазақстан-Белорус агроинженерлікинновациялық орталықтарында ұйымдастырылды.

Елбасының биылғы Жолдауындағы «Ақылды технологияны» агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына енгізу бойынша тапсырмалары еліміздің аграрлық оқу орындарының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл ретте ҚазҰАУ отандық агроөнеркәсіп кешені саласындағы озық тәжірибе мен жаңа білім мен заманауи ғылымды таратудың орталығы қызметін атқару.

Қысқы мектепке қатысушылардың саны 263 адамды құрады: Оңтүстік Кореяның KyungHeeUniversity оқу орнынан 8 білім алушы қатысты. Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан, Әзірбайжан – 70-тен аса білім алушы қатысты. Қазақстандық 16 ЖОО-дан 185 өкіл келді.

Халықаралық қысқы мектеп-2018 бағдарламасы аясында өткен ғылыми байқау қорытындысы бойынша үздік STARTUP жобалар марапатталады.



І дәрежелі диплом:

Тақырыбы: «Орман отырғызу материалдарын вегетативті көбейту инновациялық технологиялары»

Мектеп: «Табиғи ресурстарды басқару»

Баяндамашы: Кулькова Анна, Гунькин Георгий, ЕркинбековаГулим, Досманбетов Данияр


ІІ дәрежелі диплом:

Тақырыбы: «Эко-туризм халық денсаулығы үшін!»

Мектеп: «Табиғи ресурстарды басқару»

Баяндамашы: Голубенко Вадим


ІІ дәрежелі диплом:

Тақырыбы: Familyfood

Мектеп: «Өсімдік шаруашылығындағы агроинновация»

Баяндамашы: Дюсембекова Карина, Шүкеев Аманжол, Байсеит Гүлдана, Тұрсынбаев Серік, Имантаев Марат.


ІІ дәрежелі диплом:

Тақырыбы: «COSTMA»

Мектеп: «Жасыл экономика»

Баяндамашы: Ержанова Сабина, Нұрматова Чолпонай, Замирбекқызы Айжан, Джоробоев Нұрғазы, Токтомуратова Бактыгуль, Мирзаева Айзаада.


ІІІ дәрежелі диплом:

Тақырыбы: «Сальмоноллезді анықтау үшін бие сүтіне иммунологиялық тест жүргізу әдістемелерін жетілдіру»

Мектеп: «Ветеринария»

Баяндамашы: Исақұлова Бақытжамал.


Қатысушылардың озық жобалары ҚазҰАУ-дың «Ізденістер, нәтижелер – исследования, результаты» ғылыми журналында жарияланатын болады. Қысқы мектеп жұмысының нәтижесінен магистранттардың білікті ғалымдармен арадағы ғылыми ынтымақтастықтарының жаңа деңгейге көтерілгенін аңғардық.

Қысқы мектеп бағдарламасын қорытындылай келе, университет ректоры, ҰҒА академигі Тілектес Есполов, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, білім алушы жастардың осындай маңызды шараға қолдау танытқандарына ризашылығын білдірді. Ректор өз сөзінде, Қазақстан экономикасының негізгі локомативі – инновациялық бағыттағы аграрлық ғылым мен білімде дей келе, аталған шараның басты мақсаты – жастарды әлемдік білім-ғылым кеңістігіндегі жаңа технологияларға үйрету, білікті ғалымдармен байланыс орнату – деп атап өтті.


ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,


Суреттерді түсірген М.Ботабеков, Г.Әділхан


 




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.02.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31