Ел жаңалықтары

ҚХР-дің Алматыдағы бас консулы Қытайдағы "мұсылмандар лагері" туралы мәлімдеме жасады

  • Сурет: Goh Chai Hin/CNN

    Сурет: Goh Chai Hin/CNN

ҚХР-дің Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй Қытайда адамдарды қайта тәрбиелеуге арналған "мұсылмандар лагерлері" бар деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


CNN басылымы Қытайда ислам дінін ұстанатын 120 мың ұйғырды Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Қашғар қаласында орналасқан саяси сауат беру лагерлеріне жөнелтті деп жазған еді. Шенеунік бұл ақпараттты жоққа шығарып, қай ел үшін де қауіпсіздік маңызды екенін де атап өтті.


"CNN - батыстың басылымы. Оларға сеңбеңіздер. Қытайда ондай ұғым жоқ. CNN жақсырақ ақпараттанған сияқты ғой, солардан сұрап көріңіздер. Дегенмен кез келген ел үшін қауіпсіздік бірінші мақсат екені анық. Қазақстанда да тұрақтылық пен қаупісіздікті сақтауға бағытталған осындай шаралар жүргізіледі. Қытайда, Америкада да, басқа елдерде де сол. Ешқандай ел мұндай мәселеге назар салмайды. Дегенмен бұл мәселе бойынша, Батысқа қарағанда, Қытайдың баспасөзіне назар аударған жөн. Әрине Батыстың баспасөзі еркін екенін білеміз. Дегенмен тағы да атап өткім келеді, жылдамдық, шындық және объективті болу - міне нағыз БАҚ қызметкерлерінің қасиеті", - дейді бас консул.

 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 07.02.2018, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28