Ел жаңалықтары

Көлсайға баратын жаңа айналма жол ашылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында Көлсай көлдеріне баратын жаңа айналма жолдың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.


Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, айналма жол салу туралы шешімді өңір басшысы Амандық Баталов сәуір айында тау көшкінін қарап шыққаннан кейін қабылдаған болатын.


«Көлге апаратын негізгі жол жабылып қалғандықтан, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Көлсайдағы жағдаймен танысуға арналған жұмыс сапарында айналма жол салуды тапсырып, оның құрылысын жеделдетуді тапсырды. Облыс әкімі Көлсай көлдеріне баратын туристерге қауіпсіз жолдың болуы тиістігін ескерткен еді. Қазіргі уақытта айналма жол құрылысы аяқталды. Кедергісіз, ең бастысы қауіпсіз жол ашық. Енді туристер еш қиындықсыз Көлсайдағы демалыс аймағына бара алады», - деді баспасөз хатшысы.


Еске сала кетейік, 19 сәуірде Алматы облысында Көлсайға апарар жолдың маңында тау көшкіні орын алған еді.


 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 20:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31