Ел жаңалықтары

"Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

  • "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамадандырылған сотында "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


22 жастағы облыс тұрғыны Диас Кәрібжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Кәрібжанов марқұмның туыстарына 2 591 200 теңге материалдық шығын мен 2 миллион теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді. Диастың анасы мен туыстары үкімге жоғары инстанцияда шағым түсіруге ниетті екенін айтып отыр. "Ол қорғанды, ар-намысын қорғады. Әділдікті талап етеміз. Пышақ салмас бұрын Қуаныш оны ұрып-соққан, бұл неге есепке алынбады, ұлымды осы қадамға баруға итермелегені неге есепке алынбайды. Сот оның аффект жағдайында болғанын есепке алмады", - деді Диастың әпкесі Раушан Кәрібжанова. Марқұм Қуаныш Төлегеновтың туыстары болса мерзімге көңілі толмай отыр. Олар бұл жазаны өте жеңіл дейді. 4 қыркүйекте "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот басталған болатын. Сот алдына Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны Диас Кәрібжанов келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") айыпталған еді. Еске салайық, биыл 4 маусымда Интернетте осы оқиғаның видеосы таралған еді. Қылмыс "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған. Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.




Көрілген: 331    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 16.09.2017, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31