Ел жаңалықтары

ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі 1 ай бойы қызу талқыланды

  • ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі 1 ай бойы қызу талқыланды

    ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі 1 ай бойы қызу талқыланды

 Жұртшылық арасында конституциялық реформа қызу талқыға түскелі 1 ай болды. Осы уақыт аралығында заңгерлер мен сарапшылар, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, одан өзге әртүрлі сала өкілдері мен қарапайым халық та мәні зор мәселені терең саралады. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Осылайша Конституцияға енгізілуі тиіс өзгерістер жан-жақты елеп-екшелді.


Ақорда 25 қаңтар. 2017 жыл. Елбасы Қазақстан халқына күтпеген жерден үндеу жолдады.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Құрметті, қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Президент өзіне тиесілі 40-тан аса құзыретті Парламент пен Үкіметке бөліп беруді жарияламас бұрын ағымдағы жылдың 11 қаңтарында арнайы жұмыс тобын құрды. Тек білікті мамандардан тұратын топ қолданыстағы заңнамаларға жіті талдау жасады. Арада шамамен 2 апта өткен соң Ақордада жиын өтіп, реформа мәселесі тағы бір мәрте пысықталды. Әрине, бұл бір күнде қабылданған шешім емес. 25 жылда еліміз дами түсті. Енді заман көшінен қалмай, жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруіміз керек. Ол үшін конституциялық реформаға өзгерістер енгізіп, атқарушы биліктің жауапкершілігін күшейту маңызды.


Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Бұл, біріншіден, Парламентке үлкен жүк жүктейді. Екіншіден, Үкіметке көптеген мәселені өз дәрежесінде шешіп, жауапкершілікті мойынға алуға тура келеді. Үкімет мүшелерінің бекітілуі, олардың қаралып келісуі сияқты осындай мәселелердің барлығын Елбасы Парламент пен Үкіметке жүктеп отыр.


Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Үкіметтің жауапкершілігін көтеру керек. Біздің де жауапкершілігімізді көтеру керек. Сондықтан да бір-бірімізге қарап, заңның сапасын және оны орындау сапасын көтеруіміз керек. Менің ойымша, Конституцияға ұсынылып жатқан өзгерістер өте қажет. Конституциялық реформаны депутаттар бірауыздан қолдады. Себебі қабылданған заңның іс жүзінде сапалы орындалуы тікелей атқарушы билікке байланысты. «Алайда жіберілген олқылықтарға қатысты сын-ескертпелер көбіне депутаттарға айтылып жатады», - дейді халық қалаулылары. Енді Конституцияға тиісті өзгертулер енгізілсе, Үкімет құрамын жасақтау ісіне тікелей Парламент араласады. Егер қандайда бір министрге немесе Үкімет басшысына депутаттардың көңілі толмаса, қызметтен босатуға қауқарлы әрі бұл шара қоғамның белсенділігін арттыра түспек. Жұртшылық атқарылған жұмыс жайында Парламенттен есеп сұрай алады.


Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаны екі қолмен қолдайтынын біз ресми түрде айттық. Арнайы үндеу қабылдадық. Біздің ойымызша, қазіргі кезде Парламенттің функцияларын кеңейту, Үкіметтің өкілеттілігін күшейту – заманның талабы. Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Егер Парламентке өкілеттіліктер көп артылатын болса, шығарылған заң жобаларының барлығы халыққа арналған болғандықтан, олар жауапкершілікпен қарайтын болады.


Жұмабек Бұсырманов, заң ғылымдарының докторы: - Президент ұсынған конституциялық реформада «Парламент сайлауында жеңген партия Үкіметтің жасақталуына ықпал етеді» делінген. Демек, ол саяси партия елдің экономикалық реформасына жауапты болады. Сондықтан Мәжілістің мойнына үлкен жауапкершілік артылатыны хақ. Егер реформаға өзгерістер енгізілсе, Үкімет атқарған жұмысы жайында тек Президенттің ғана емес, Парламенттің алдында да есеп береді. Мемлекет басшысының құзыреті азайғанымен, бұрынғыша ішкі және сыртқы саясатты іске асырып, ұлттық қауіпсіздікке жауап береді.


Виктор Малиновский, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі: - Елбасы Премьер-министрдің ұсынысына қарамай, 4 министрді өзі тағайындайтын. Олар - Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрлері. Енді соңғы екі министрді тағайындау өкілеттігі Үкіметке беріледі. Сондай-ақ Министрлер кабинеті мемлекеттік бағдарламаларды өзі бекітетін болады. Ал Парламенттің құзырына аудан, ауыл әкімдерін белгілеу өкілеттігі кірмек. Сонымен қатар бұдан былай Президент Үкімет басшысы мен қос палатаның төрағаларымен ақылдаспай, мәслихаттарды тарата алмайды. Халық арасында Конституцияның 26-бабына өзгерістер енгізу мәселесі де қызу талқыланды. Жұртшылық «ҚР азаматы» сөзін «әркім» деп ауыстырылуына алаңдаушылық білдірді. Бұқара бұл түзетулер енгізілсе, жер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейді ме деп қауіптенді. Бұл мәселе жөнінде Конституцияны бүге-шігесіне дейін білетін заңгерден сұрап көрдік.


Марат Бәшімов аталған түзетулердің жерге қатысты тұсы кодекспен реттеледі деп отыр.


Марат Бәшімов, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы: - Басқа мемлекеттердің Конституцияларын қарасаңыздар, барлық жерде әркім деп жазылып тұр. Қазақстан азаматтары Түркия, Испания басқа жерде болсын мүлікті алып жатады. Еліміздегі конституциялық реформаны шетелдік белді саясаткерлер де жақсы біледі. Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттердің барлығында басқару жүйесі бірдей болғаны заман талабы дейді. Ал енді жаңа өзгерістерге бет бұратын уақыт жетті деп санайды.


Джек Стро, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі (2001-2006 ж): - Президент Назарбаев ұсынып отырған Қазақстандағы институционалдық құрылымының өзгерісі, билік тармақтарының бөлінісі өте маңызды. Бұл ұсыныстардың жүзеге асырылатындығы да өте қуантады. Президенттің қозғап отырған және тиімді үкіметтің басты сипаты саналатын сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес мәселесіне келер болсақ, ол тек жемқорлықпен күреске ғана емес, оның себептеріне де мән беріп отырғанын ерекше атап өткім келеді. Конституциялық реформа бойынша құрылған жұмыс тобына 1 ай ішінде 3 мыңдай өтініш келіп түсті. Онда Парламент пен Үкіметтің рөлін және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметі мен сот жүйесін жетілдіру, меншік құқығы мәселелері қамтылған. Енді жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақтай отырып, заңнаманы жетілдіреді. Содан кейін құжат Президенттің қарауына жолданады. Айта кетейік, Елбасы Үкіметке бұл ұсыныстарды Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін енгізуді тапсырды.


Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев


24.kz




Көрілген: 1188    Пікірлер: 19
Пікірлерді оқу (19) preloader

жексенбі, 26.02.2017, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 08:54
    Ауа райы болжамы
    16 Маусым, 08:55
    Ауа райы болжамы
    15 Маусым, 08:55
    Ауа райы болжамы
    14 Маусым, 08:59
    Ауа райы болжамы
    13 Маусым, 08:51
    Ауа райы болжамы
    7 Маусым, 08:38
    Ауа райы болжамы
    5 Маусым, 08:44
    Ауа райы болжамы
    2 Маусым, 08:21
    Ауа райы болжамы
    1 Маусым, 08:40
    Ауа райы блжамы
    31 Мамыр, 10:00
    Ауа райы болжамы
    26 Мамыр, 08:30
    Ауа райы болжамы
    25 Мамыр, 08:25
    Ауа райы болжамы
    24 Мамыр, 08:36
    Ауа райы болжамы
    23 Мамыр, 08:43
    Ауа райы болжамы
    22 Мамыр, 08:44
    Ауа райы болжамы
    19 Мамыр, 08:58
    Ауа райы болжамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30