Ел жаңалықтары

Құрбан айт: Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды

  • Құрбан айт: Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды

    Құрбан айт: Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды

Көкшетауда Құрбан айттың бірінші күні Гүлнар Хамзина есімді мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақмола облыстық "Науан Хазірет" мешітінің мəліметі бойынша 48 жастағы Гүлнар - 1-ші топтағы мүгедек. Жалғыз өзі екі бала тəрбиелеп отыр. Ол осыған дейін қалада пәтер жалдап келіпті. Ал оларға берілген пəтер облыстық "Науан Хазірет" мешіті мен "Зекет" қайырымдылық қоры арқылы сатып алынған.


"Екі бөлмелі пәтердің кілтін Ақмола облысының бас имамы Куаныш Сəбитов пен елімізге белгілі жазушы, журналист Жабал Ерғалиев Айт намазының алдында мешіт жамағатының көзінше табыс етті", - дейді Ақмола облыстық "Науан Хазірет" мешітінің баспасөз хатшысы.


Айта кету керек, бұл аталмыш жоба басталғалы мұқтаж отбасыларға көпшіліктің көмегімен сатып əперілген екінші пәтер.


 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.08.2018, 22:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31