Ел жаңалықтары

Қырғызстанда мерт болған Қазақстан азаматы ғалым болып шықты

  • Қырғызстанда мерт болған Қазақстан азаматы ғалым болып шықты

    Қырғызстанда мерт болған Қазақстан азаматы ғалым болып шықты

ІІМ вице-министрі Юрий Ильин Қырғызстан тауында қаза тапқан азамат пен зардап шеккен тұлғалардың еліміздің қай өңірінен екенін айтты деп хабарлайды Baq.kz

Юрий Ильиннің сөзінше, Қырғызстан тауында тастың құлауынан қаза тапқан Қазақстан азаматы – 1976 жылы туған Алматы тұрғыны екен. Марқұм Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттардың бірінде жұмыс істеген.


"Тексеру жұмыстарынан кейін оның денесі жерлеу үшін туыстарына беріледі. Тауға шыққан қалған азаматтардың үшеуі – алматылық, біреуі - өскемендік. Ал ресейліктер – Томск қаласының тұрғындары. Олар бұған дейін де тауға бірнеше рет шыққандықтан кәсіби мамандар деп айтуға болады. Барлығы – ер адамдар. Бұл өте күрделі маршрут болған", - деген вице министр олардың денсаулықтары тексерілгенін атап өтті.

"Қазір ауруханаға жатқызу қажет емес екендігі анықталды. Ресей азаматтарынан оқиға жайлы жауап алынғаннан кейін босатылады. Жауаптар бүгін алынып бітуі тиіс", - дейді Юрий Ильин ТЖК-де өткен брифингте.

Еске сала кетейік, кеше Бішкек маңындағы тауда тас көшкіні болып, қазақстандық туристерді басып қалды. Ауыр тастың астында қалған бір отандасымыз сол жерде жан тапсырса, қалған үшеуінің жарақат алғаны хабарланған еді. 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.07.2018, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31