Ел жаңалықтары

«Қыс шілдесі» осымен бітті...

  • «Қыс шілдесі» осымен бітті...

    «Қыс шілдесі» осымен бітті...

Этнографиялық деректер бойынша қазақ халқы қыс иелеріне арнап құрбандық шалды. Ал қаңтар айының соңындағы үскірік аяздардың «қыс шілдесі» деген атауы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Құралай Сәрсембинаның айтуынша, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымына қарап, ата-бабаларымыздын жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын терең білгендігін анық байқауға болады. Жалпы, көшпелі өмір салты табиғатты терең түсінуге көмектескен.


«Қазіргі таңда кейбір жастарымыз халқымыздың табиғат кұбылыстары туралы таным-түсінігін ескермей, өзге ұлттардың түсінігіне, діни наным-сенімдеріне қарай атап жатады. Мысалы, қазақта қаңтардың сақылдаған сары аязына қатысты «сарышұнақ аяз», «қаңтарда күн қарға адымы ұзарады», «қыстың көзі қырауда», «қыс шілдесі» деген түсініктер бар. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «декабрьдің 19-ы қыс шілдесі басталып, ғиянуардың 28-де қыс шілдесі жоғалады» деген жазуы да бар. Қыс шілдесі кезінде нағыз түкірік жерге түспейтін үскірік аяздар болады. Аталған кезең қаңтардың аяғына дейін жалғасады. Демек, «қыс шілдесі» осымен бітті. Енді, ақпанда ат құлағы көрінбейтін борандар басталады», - деді Қ.Сәрсембина ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.



Ғалымның айтуынша, қазақ халқында қыс иелеріне құрбандық шалу дәстүрі де болған. «Этнографиялық деректерге сәйкес, қатал қыстың құрығынан мал-жанын аман-есен алып шығу үшін қыс иелері - калтырауық қамар кемпір, оның екі ұлы Ақпан, Тоқпан және аяз иесі - Әз мырзаға арнап құрбандық шалынды. «Қыстың мойыны қысқа болсын, шаруаның мойыны ұзын болсын» деп тілек айтқан. Осы тойда үлкендер жыршылардың қисса- дастандарын тыңдап, жастар көктем мен жаз құстарының дауысын салып ән айтқан. Ал балалар қалың қардан ақпан-тоқпан бейнесін сомдап, аққала жасап көңіл көтерген», - деп атап көрсетті Қ.Сәрсембина.


Айта кетейік, бұған дейін профессор Серік Негимов те қатты аяздарға қатысты қазақ халқының таным-түсінігі жайында айтқан болатын.


Автор: Арман Асқаров


ҚазАқпарат




Көрілген: 1365    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 29.01.2018, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31