Ел жаңалықтары

Қытай қазақстандықтар үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

  • © REUTERS /

    © REUTERS /

Алматыдағы бас консулдық алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алу үшін 2018 жылдың 1 тамызынан виза алуға электронды өтініш беру енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қызметіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Қазақстан азаматтары көп жағдайда Қытайға шығатын виза алуға келеді.


"Консулдыққа сауда-экономикалық, мәдени, білім беру, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастыққа байланысты ұсыныспен келетіндер де бар", — деп жауап берді Бас консулдықтың баспасөз қызметі Sputnik тілшісіне.


Қытай визасын алу үшін өтініш электронды түрде беріледі

Екі ел арасындағы байланыс кеңейген сайын Қытай визасын алушылардың саны да артыпты.


"Қытайға барушылар визаны жеке және топ болып алады. Ал әр топтағы адамның саны әр кезде әртүрлі болады", — дейді консулдықтағылар.


Консулдық ұзын-сонар кезек болмау үшін электронды өтініш беруді енгізіп отыр.


"Бас консулдық 2018 жылдың 1 тамызынан бастап виза алудағы кезекті шешу үшін электронды өтініш беру мен электрондық тіркеуді пайдалану тәртібін енгізді", — дейді баспасөз қызметі.


Ал виза алушының барлық құжаты талаптарға сай болса, өтініш беруші визаны 5 күнде ала алады.


"Қытайдың заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес, сондай-ақ өтініштердің әрқайсысы үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Бас консулдық виза беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер өтініші берушінің құжаттары барлық талапқа сәйкес келсе, виза Бас консулдықта өтініш бергеннен кейінгі бесінші жұмыс күнінде дайын болады", — дейді консулдықтағылар.


Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр


Бас консулдықтың берген мәліметі бойынша, бүгінде Қытайда 15 мыңға жуық қазақстандық білім алып жатыр.


"Қытайда білім алу Бас консулдық арқылы жүзеге аспайтынын ескерсек, нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін", — дейді олар.


Қазақстандықтар ҚХР-да білім алу үшін Қазақстанның білім және ғылым министрлігі арқылы немесе тікелей Қытайдың жоғарғы оқу орындарына өтінім береді.


 


 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.08.2018, 21:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31