Ел жаңалықтары

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық Отанына қайтарылды

  • Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық Отанына қайтарылды

    Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық Отанына қайтарылды

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстан ааматы отанына қайтарылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.


«Бүгін (...) есірткі сатты деген айыпппен Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімжіден елге жіберілді. Сотты азаматты Қазақстанға беру процесін Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі, ҚР Бас прокуратурасы және Қытай Әділет министрлігі ұйымдастырды»,- деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.


СІМ өкілінің айтуынша, Алматы облысында 1989 жылы туған азаматты қытайлық құқық қорғау органдары Гуаньдун провинциясының Гуанчжоу қаласында 2009 жылы есірткі тасымалдады деген айыппен ұстаған болатын. Ол өлім жазасына кесіліп, үкімді орындау мерзімі 2 жылға шегерілген, ал 2011 жылы үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.


«Қазақстандық дипломаттар мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері сотталған азаматтарды Қазақстанға қайтарып, жазасын елімізде өтеуі бойынша Қытай тарапымен көптеген жұмыстар жүргізді. Ағымдағы жылы Қытайдан Қазақстанға тағы да 4 азамат, ал 2015 жылғы тамыздан бері 15 сотталған азамат қайтарылды», - деді Ә. Жайнаков.


Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы осы қызметті басқа елдерде де жүргізіп келеді.


 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.12.2017, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30