Ел жаңалықтары

Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеунік қара жұмыспен айналысып кетті

  • Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеунік қара жұмыспен айналысып кетті

    Қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған шенеунік қара жұмыспен айналысып кетті

Қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны үшін жазаға тартылған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов қоғамдық жұмысты бастап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.


Расул Манапов қоғамдық жұмыстарды мемлекеттік қызметінен тыс уақытта атқаратын болады. Шенеунікке берілген уақыт 20 сағатты құрайды.

Бүгін ол "Өскемен Тәртіп" коммуналды кәсіпорнының жұмысшыларымен бірге таңғы 8.00-ден бастап 11.00-ге дейін Республика алаңындағы субұрқақты қыс мезгіліне дайындаған.


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің этика бойынша кеңесінде Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповтың қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны туралы шулы оқиға тараған болатын.


Жексенбі күндері шенеуніктің демалыс базасына өзінің қызметтік көлігімен барып жүргені белгілі болған. Қала әкімінің орынбасары өзіне тағылған кінәні толық мойындап, «Өскемен тәртіп» кәсіпорнында 20 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелген еді. 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сенбі, 04.11.2017, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30