Ел жаңалықтары

Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

  • Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

    Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр


Қазалы ауданының тұрғыны Сапарбек Құлтан - тағдырдың тәлкегіне мойымаған жан. Бір қолы болмаса да такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, отбасын асырап жүр деп хабарлайды Baq.kz.


 

Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

Сапарбек Құлтан. Фото: Автор



Сапарбек Оразбайұлы 1952 жылы Қарашеңгел ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Ол жастайынан техника «тілін» жетік меңгерген еді. Әкесінің өнегесін көрген Сапарбек еңбекке ерте араласты. Жазғы каникулда шөп шабатын «косилкада», астық жинайтын комбайнның ізінде жұмыс істеді. Сөйтіп жүріп, бала күнгі арманы механизатор мамандығын үйреніп те алды.


«Бар болғаны екі жыл механизатор болып істедім. Жұмыс үстіндегі оқыс жағдайдан бір-ақ күнде сол қолым иықтан кесілді. Тағдырдың маңдайға жазғаны. Десек те, оңай болған жоқ. Аурухана төсегіне таңылған шақты еске алғым келмейді. Жасөспірім болсақ та, жоғалған мүшенің орнына қайтып келмейтіні сары уайымға салды. Бірақ жігерді жанып, қайратымды қайрауға тура келді», - дейді Сапарбек.


Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

Сапарбек 1972 жылы орта білімнің куәлігін алып шықты. Жоғары не арнаулы есепшілік білім алғысы келген, жолы болмады. Бірақ алдына қойған мақсатын түпкілікті айқындап алған Сапарбек бұған мойымады. Уақытша болса да бірер жыл ауылда есепшілік жұмыс атқарды. Ара-тұра бір қолмен фотоаппаратты меңгеріп, суретке түсірумен, шақыру билеттерін шығарумен, ауыл тұрғындарының өзге де қажеттіліктерін өтеумен айналысты.


1973 жылдың күзінде бұл күндері сегіз баласын, олардан өрбіген немерелерін дүниеге әкеліп отырған Құдай қосқан қосағы байқоңырлық Бақыткүл Мұратовамен бас қосты.


Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

«Басымнан өткен жағдайға еш өкінбеймін, істеп жүрген кәсібіме дән ризамын. Әйтсе де, қиналған жоқпын десем өтірікші болар едім. Жалғыз қолмен техниканың түр-түрінің құлағында ойнасам да соған рұқсат алу қиын болды. Сол кездегі аудандық автоинспекция қызметкерлері жүргізушілікке бес жыл бойы рұқсат бермеді. Тек облыстық ГАИ басшылығы комиссия арқылы тексеріп, жүргізушілік куәлікпен қоса өмірге де жолдама берді. Ерік-жігерімді жанып, мүсіркей қарағандарды елең қылмай тіршілікке құлшына кірістім. Мотоцикл де, жеңіл машина да, күзгі науқанның жиын-терімі кезінде екі «тележка» жалғап алып, “Беларус” тракторын да, шынжыр табанды “ДТ-75-те” жүргіздім. Жарымжанмын деп жатып алмай, 1980 жылы үй салдым. Бәрін өзім істедім. Іргетас, тұрғызуы, есік-терезе, сылағы, шиферін жабуына дейін. Жоғарыда тұрсам, жас балдарым жерден керекті құрал-сайманды алып береді. Ірісін бір қолмен алсам, шеге, өзге де майда-шүйдесін аяғымның бармағымен қысып аламын», - дейді Сапарбек Оразбайұлы.


Бүгінде бір қолының жоқтығы Сапарбектің қаперіне де кірмейді. Үйінде “ДТ-75” шынжыртабан және соқасы да, тегістегіші де, шөміші де бар “Беларус” тракторы жұмыс істеп тұр. Кімнің қандай сұранысы бар, тартынбайды. Саудаласып та жатпайды, бергенін алады екен. Үстінде жүк салғышы бар ескі “Москвич” көлігімен ауылдан қатынап, кентте кәсіп істейді.


Қызылорда облысында бір қолынан айырылған жүргізуші ауылдастарына үлгі болып жүр

«Таксист болып жүрмін. Тұтынушының базардан алған он-он бес қап көмірін үйіне жеткізіп, қарастығы жоқ жан болса, бір қолмен түсіріп беремін. Әйеліме де, ұл-қыздарыма да механизатордың, жүргізушінің куәлігін алып бердім. Балаларым да бір-бір кәсіпті меңгерген», - дейді ол.


Қазалылықтар да Сапарбекті жақсы таниды және оның табандылығына сырттай сүйсініп, тәнті болып жүреді.


«Арамтамақтыққа, масылдыққа бой алдырған кейбір тепсе темір үзетін жастар осы таксист ағаға қарап, үлгі алса ғой. Ол кісіні көріп, еңбек еткісі келетін адамға ешқандай кедергі жоқ екен ғой деп ойлайсың. Рухы, жігері мықты жан. Отбасын да асырап, мемлекетке де салық төлеп отыр», - дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Әлімжан Қияс.



 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 23.09.2017, 10:47

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30