Ел жаңалықтары

ІІМ өкілдері бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді

  • ІІМ өкілдері бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді

    ІІМ өкілдері бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Осыған дейін қолданушылар Whatsapp мессенджерінде бүйрегі жоқ өлі табылған қыздар жайлы хабарламалар таратқан болатын. "Қайырлы күн! 6-8 жастағы екі қыз өлі табылды, олар жолдың шетінде жатты. (...) Бүйректері жоқ. Балаларыңызға қарап жүріңіздер, далаға қараусыз жібермеңіздер", -делінген хабарламада. Алайда Қазақстанның ІІМ өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, бұл хабарламаның біздің елге қатысы жоқ. "Әлеуметтік желілерде денесі табылған қыздар түсірілген суреттің біздің елге қатысы жоқ. Ол оқиға Ресейдің оңтүстігінде Каспийск қаласында болған. Мұндай күмәнді хабарламаларды таратпауға кеңес береміз. Заңнамаға сәйкес, жалған хабарлама таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев. 




Көрілген: 983    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 00:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31