Ел жаңалықтары

ІІМ полицияның қандай жағдайда көлікті қолмен тоқтата алатынын түсіндірді

  • ІІМ полицияның қандай жағдайда көлікті қолмен тоқтата алатынын түсіндірді

    ІІМ полицияның қандай жағдайда көлікті қолмен тоқтата алатынын түсіндірді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Әлібек Кеңісбаев жол-патрульдік полициясының қандай жағдайда көлікті қолмен тоқтата алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жол ережесін бұзушылар үшін бізде айыппұлдар қарастырылған. Ал көлік құралдарын тоқтату бойынша кейбір жағдайды ескеру қажет. Өткен жылы жол-патрульдік полиция қызметі автопатрульдеуге көшірілді. Яғни көлік құралдарын тоқтату тәртібі автопатрульдеу негізінде жүргізіледі», - деді ол.


Осы орайда Әлібек Кеңісбаев автопатруль үнемі қозғалыста болмайтынын айтты.


«Олар әрдайым қозғалыста болмайды. Жаяу наряд жүріп бара жатқан көлікті тоқтата алады. Автопатрульдеу бағдары бойынша бізде апаттық әрі қауіпті учаскелер бар. Жол сақшылары сол аумақта ережелерді жаяу жүріп тексереді. Егер автопатруль мен жаяу наряд жолдың бойында тоқтап тұрып, жол ережесінің бұзылғанын байқаса, онда ол көлікті тоқтатып, тиісті шараларды қолдануға құқығы бар», - дейді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.


Брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілі полиция қызметкерлерінің заң бойынша көлік құралдарын заңсыз тоқтатуға құқығы жоқ екенін айтып өтті.


«Көліктің заңсыз тоқтатылғаны анықталса, сіз сенім телефоны арқылы ІІБ-не шағым түсіре аласыз. Тіркелген жағдайлар бойынша бізде тексеру жүргізіп, тиісті шараларды қабылдаймыз», - деді Әлібек Кеңісбаев.


Дәурен ЕРБОЛАТ




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

жұма, 29.12.2017, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31