Алаш баласы, айнаңа қара!

сенбі, 29.04.2017



Ел жаңалықтары

Мамыр мерекелеріне орай Астанада өтетін шаралар

  • Мамыр мерекелеріне орай Астанада өтетін шаралар

    Мамыр мерекелеріне орай Астанада өтетін шаралар

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мамыр мерекелерінде елордада қандай шаралар өтетінін хабарлады, деп жазады Baq.kz.


Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған басты шара 1 мамырда «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Ашық алаңда театрландырылған қойылым көрсетіледі, оған ұлттық-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы әртістерінің, хореографиялық топтардың және қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.


Сонымен қатар, қала әкімдігінің алдындағы алаңда (Бейбітшілік к-сі, 11) халықтық серуен мен танымал әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.


1 мамырда сағат 17:0-де «Астана» концерт залында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің бас дирижері, еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Абылаевтың 70 жылдығына арналған «Мерейтойға тарту» концерті өтеді.



6 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары «Астана» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерлан Көкеевтің жеке концертін тамашалайды. Концерттік бағдарлама әйгілі «К-7» тобының танымал композицияның құрметіне «Танец под дождем» деп аталады. Көрермендер назарына ерекше сценографияға негізделген қойылым ұсынылады. Шара барысында Ерлан Көкеевтің халық сүйіп тыңдайтын ескі әндерінен басқа жаңа хиттер де орындалады. Концерт қонақтары – «Дос-Мұқасан» ВАА, Жанна Орынбасарова және «АБК» тобы.


7 мамырда елордада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді.


Қазіргі кезде Жеңіс күніне дайындық жүргізілуде. Мерекелік шаралар легі Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға тағзым ету рәсімінен басталады. 8 мамырда Орталық қалалық зиратта Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаттардан көз жұмған жауынгерлердің зиратына «Даңқ гүл тізбегі» мен гүл шоғы қойылады.



Мұнымен қоса, осы күні «Астана» концерт залында Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, Рүстем Нұржігітов және т.б. қатысуымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған концерт өтеді.


Жеңіс күні «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүл тізбегін» қою салтанаты және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының «Астана Жаужүрек полкі – әлем маршы» шеруі ұйымдастырылады. Шараға қатысушылар сағат 12:30-да «Қазақ елі» монументінің алдында жиналады, шеру «Отан Қорғаушылар» монументінің жанында аяқталады. Сондай-ақ, «Студенттік» саябақта әскери қалашық орналасады, онда 11 әскери палатка қойылады, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастарқан жайылады. 9 мамырда қалалық алаңда және «Студенттік» саябақта әскери жылдардағы әндер орындалатын мерекелік концерт ұйымдастырылады.


Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнін мерекелеу аясында елорданың барлық мәдени мекемесінде мерекелік шаралар, ал кітапханаларда, музейлерде, театрларда тақырыптық көрмелер, концерттер мен спектакльдер өтеді.




Көрілген: 92    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Сәуір, 08:27
    Ауа райы болжамы
    27 Сәуір, 08:30
    Ауа райы болжамы
    26 Сәуір, 08:41
    Ауа райы болжамы
    25 Сәуір, 08:40
    Ауа райы болжамы
    21 Сәуір, 08:39
    Ауа райы болжамы
    18 Сәуір, 09:05
    Ауа райы болжамы
    17 Сәуір, 09:16
    Ауа райы болжамы
    14 Сәуір, 08:51
    Ауа райы болжамы
    13 Сәуір, 09:13
    Ауа райы болжамы
    11 Сәуір, 09:06
    Ауа райы болжамы
    7 Сәуір, 08:37
    Ауа райы болжамы
    6 Сәуір, 10:15
    Ауа райы болжамы
    5 Сәуір, 08:41
    Ауа райы болжамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30