Ел жаңалықтары

"Мазаланбай-ақ қойыңыз!". Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақынға ашуланды

  • © СЦК

    © СЦК

"Мен жақсы түсініп тұрмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтып жатқанымды жақсы біледі". Осылай деп ашуланды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақын Әсия Беркеноваға, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министр өзінен журналистің сауалына тура жауап беруді өтінген ақынға ашуланды. Баспасөз конференциясына келген журналистердің бірі министрден 20-21 қазан күндері Қазақстанда өтетін халықаралық айтысты кімнің қаржыландыратынын сұраған-ды.


"Жүлде қорында бас жүлдеге 5 миллион теңге, бірінші орынға 2,5 миллион теңге, үшінші орынға миллион теңге тағайындап отырмыз. Сонымен бірге қолдау ретінде тағы да 350 мыңнан жүлде бар. Мен сізге тағы айтайын, Астана мерейтойының жиырма жылдығына қатысты баяғыда сіздерге бір сенатор дұрыс айтпады. Ол "Астананың мерейтойын 5-6 шілдеде ғана атап өтеміз" деген болатын. Бұл — бір жылға ұласатын мереке. Бүкіл спорт шарасы, жазушылардың үлкен конгресі осы мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. Енді ақындар айтысы өтпек. Бәрі Астананың 20 жылдығы аясындағы мереке", — деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жыр арқауы — Астана" атты халықаралық ақындар айтысына арналған баспасөз конференциясы барысында.


Министрдің сөзін "Кім қаржыландырады?" дейді. Соны сұрап жатыр" деп жанында отырған ақын Әсия Беркенова бөлді.


Мәдениет министрі кесенеде намаз оқитындардың туристерді шошытатынын айтты


"Мен жақсы түсініп жатырмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтқанымды жақсы түсініп отыр. Бұл кісілер менің не үшін кішкене қаттырақ айтқанымды да біледі. Бәрі басында "20 жылдыққа осыншама ақша бөлген екен" деп шулаған. Қателесіп "5-6 шілде ғана тойланады" деп айтылды. Бұл бір жыл бойы өтетін шаралар. Соның ішінде енді халықаралық ақындар айтысы өтейін деп отыр. (…) Сіз (Әсия Беркеноваға — Sputnik) маған кішкене онша түсінбейтін сияқты қарайсыз ғой деймін", — деп ашуланды министр.


Ақын өз кезегінде журналиске сауалына жауап алуға көмектескісі келгенін айтып ақталды.


 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.10.2018, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31