Ел жаңалықтары

Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек - министр

  • Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек - министр

    Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек - министр

Медициналық мекемелерді қағаз бастылықтан арылту керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аршалы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Сапар аясында министр Аршалы аудандық ауруханасы жəне Жалтыркөл ауылындағы медициналық пунктінің жұмыстарымен танысты. Медициналық нысанның техникалық жабдықталуын бақылап, дəрігерлер мен науқастардың сауалдарына құлақ түрді.


Министрдің қатысуымен өткен жиында денсаулық сақтау мекемелерін кəсіби мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу мәселелері сөз болды.


Аудандық аурухананың бас дəрігері Сəндібек Сембиевтің сөзіне қарағанда, Аршалы аудандық ауруханасында 46 дәрігер мен 232 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Білікті мамандар тапшылығын шешу мақсатында аурухана әкімшілігі мектеп бітірушілермен медициналық мамандықтарды таңдау жөнінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп отырады.


Кездесуде министр Елжан Біртанов науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсету мəселесі аурухана басшылығының ұдайы назарында болуы қажеттігін баса айтты. Оған қоса, медициналық мекемелерді қағазбастылықтан арылту бағыттарында нақты міндеттерді жүктеді.


Автор: Аслан Оспанов


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 180    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 06.01.2018, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31