Ел жаңалықтары

Мемқызметшілерге смартфондарды пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін - Дәурен Абаев

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметшілердің смартфонды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Негізі, бұл мәселе мемлекеттік қызметшілерге смартфонды пайдалануға тыйым салынған күннен бастап талқыланып келеді. Қазіргі кезде біз барлық ұсыныстарды сараптап жатырмыз. Өкінішке қарай, дәл қазір нақты әрі мінсіз бір шешімді көрмей тұрмыз. Бірақ бірнеше вариант пысықталуда. Меніңше, жақын арада біз ол жайында xабарлайтын боламыз", - деді Д. Абаев журналистерге берген сұxбатында.


Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің смартфондарды пайдалану мәселесімен бірнеше атқарушы орган айналысады. Арнайы жұмыс тобы да бар. Сондықтан нақты бір шешімге келу оңай емес.


"Сонда нақты қандай нұсқалар бар?" деген сұраққа министр: "Дәл қазір ол жайында айтқан ерте шығар. Бірақ рұқсат берілуі әбден мүмкін. Себебі қазіргі заманда ақпараттық теxнологиялардан тыс қалмау қажет. Әрине, қауіпсіздік мәселесін де ескеру керек. Біз осы екі мәселенің тепе-теңдігін сақтауымыз қажет", - деп атап көрсетті Д.Абаев.


 




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 19:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30