Ел жаңалықтары

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы жаңаша жүргізіледі – сарапшы

  • Фото: BNews.kz

    Фото: BNews.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова алдағы жылдары мемлекеттік аппараттың жұмысы түбегейлі өзгеретінін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Қазірдің өзінде мемлекеттік аппарат заман талабына сай басқару әдістерін қолданып келеді. Оны Үкімет құрамынан анық байқауға болады. Министрлер батыл бастамаларды көтеріп, прогрессивті әдіс-тәсілдерге басымдық беруде. Премьер-министр де, вице-премьерлер де солай жұмыс істеуде. Мысалы, Асқар Қуанышұлы (Асқар Жұмағалиев – Үкімет басшысының орынбасары - авт.) Қазақстанды цифрландыру жұмысымен айналысуда. Бұл процессті тоқтату мүмкін емес. Меніңше, алдағы екі-үш жылда біз кәсіби мемлекеттік аппараттан стратегиялық мемлекеттік аппаратқа келетін боламыз», - деді ректор.


Оның пікірінше, алдағы жылдары мемлекеттік аппараттың жұмысы да жаңаша жүргізіледі екен.


«Мемлекеттік қызметкерлер жаңаша жұмыс істеуді бастады. Солай болуы да керек. Сондықтан екі-үш жылда мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы мүлдем жаңаша жүргізіліп, түбегейлі жаңарады», - деп түйіндеді сөзін Фатима Жақыпова.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 20:00

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30