Ел жаңалықтары

Министр Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық комиссияға түсірген шағымына қатысты пікір білдірді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы жағдайды саясиландырмауды сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Меніңше, кез келген ел өзінің экономикалық және өзге мүдделерін қорғау қажеттігі туғанда өзінің ішкі шараларын қолданады. Менің ойымша, бірдеңені саясиландырудың қажеті жоқ, тек мүдделі ведомстволармен жұмыс істеу керек. Жедел түрде жұмыс істеп, мәселені шешуге тырысу керек", - деді министр үкімет отырысынан кейін.


Сондай-ақ, министр Сүлейменов Қырғызстанның "Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия ережелерін бұзды" деген айыптауларының негізсіз екенімен келісті.


"Біз өзіміздің заңнамамыз аясында жұмыс істейміз. Және Еуразиялық экономикалық одақтағы міндеттеріміз аясында жұмыс істейміз. Кез келген тараптың Жоғары Еуразиялық экономикалық одаққа барып, мәселені көтеруге құқығы бар. Менің бірден айтып өткім келетіні, үкіметаралық кеңестің шешімі бәтуаластықпен қабылданады. Яғни, тараптардың бірі ұсынылған шешіммен келіспесе, ол шешім мүлде қабылданбайды. Осыны ескеру қажет", - деп түсіндірді министр.




 




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.10.2017, 15:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30