Ел жаңалықтары

Министрдің біреудің әйелі жайлы қалжыңы депутаттарды күлкіге қарық қылды

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин кейбір фильмдер ұлттық стандарттарға сай болмаса да, халық арасында танымал екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін мәжілісте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Кинематография туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады. Заң жобасын талқылау барысында Нығматулин ұлттық стандарттарға сай келмесе де, халық арасында танымал фильмдерді мысалға келтіріп, оларды мойындауға шақырды.


Мәжіліс спикері заң жобасында фильм жоғары көркемдік деңгейде түсіріліп, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырса, Қазақстанды кино өнері арқылы әлемге танытуға септігін тигізсе ғана ұлттық деп танылатыны айтылғанын атап өтті.


"Бүгінде осындай қауіп бар. Егер мазмұндық бөлігіне тоқталсақ, онда фильмдер көрсетілген критерий бойынша ұлттық комиссиядан үнемі өте бермеуі мүмкін. Алайда олар халық арасында өте танымал. Яғни, бір қарағанда онда идеологиялық құрам жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін, мәселен "Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмі. Владимир Карповичтің (Божко, депутат – автор ескерт.) сүйікті фильмі. Комисссия бұл картинада бірқатар этикалық және азаматтық нормалардың бұзылғанын анықтайтын еді", — деген депутат кинокартинадағы заң бұзушылықтарды санамалай жөнелді.


Осы кезде мәдениет және спорт министрі "ең бастысы, біреудің әйелін өзіне қаратып алды", — деп әзілдеді.


 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.09.2018, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31