Ел жаңалықтары

Министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берді

  • © Trend

    © Trend

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу жобасын құру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.


Еске салайық, 2017 жылдың шілдесінен бастап, IMEI-кодтар базасында тіркелмеген ұялы телефондар өшіріледі.


"Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ұялы байланыс операторлары қатыса отырып, министрлік жанынан құрылған жұмыс тобы жылжымалы желілі абоненттік құрылғыларды тіркеу Ережелерінің жобасын жасады", - делінген Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.


Қазір ережелер жобасын мүдделі мемлекеттік органдар және аккредитациялық ұйымдармен келісу жүріп жатыр.


Айта кетейік, ережелер жобасында қазақстандықтардың телефондары, смартфондары, планшеттері автоматты түрде тіркелетіні айтылған.


"Абоненттік құрылғы ұялы байланыс операторының желісіне қосылған кезде IMEI-кодтар автоматты түрде тіркеледі", - дейді министрлік өкілдері.


Шетелде сатып алыңған телефондар да желіге қосылған сәтте автоматты түрде тіркеуге алынады. Жобадағы ұялы байланыс операторлары: IMEI-кодтар базасындағы абоненттік құрылғылардың желілік қызметін уақытша тоқтатады және (немесе) қайта қосады; IMEI-кодтар базасына уақытша тоқтатылған, көшірмесі жасалған IMEI абоненттік құрылғылардың бары туралы растама ұсынатыны айтылған. IMEI-кодтар базасын жасауға мемлекеттік бюджеттен қаражат алынбайтынын атап өтті министрлік өкілдері.


Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда тіркелмеген телефондардың бұғатталатыны хабарланған болатын.


"IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру туралы заңның ережесі мынандай: абоненттерді тіркеу және тіркелмеген абонент иелеріне ұялы байланыс қызметтерін қолдануға тыйым салу. Енді ұялы байланыс операторларын тіркеу 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады", - деп түсіндірген еді Kcell баспасөз қызметіндегілер.




 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Шілде, 08:47
    Ауа райы болжамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31