Ел жаңалықтары

Мұхтар Тайжан: Біз қараған заң жобасында жерді сату туралы бірде-бір сөз жоқ

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Жер жаппай сатылады және шетелдіктерге жалға беріледі» деген мағынадағы әлеуметтік желіде тараған ақпараттар жалған. ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Бұл заң ерекше заң деуге болады. Өйткені, бұл заң жер комиссиясының шешімдері бойынша дайындалған. Мен осында отырған адамдармен (АШМ өкілдерімен - авт.) бір жарым жыл уақыт жұмыс істегенмін. Өкінішке қарай, соңғы күндері әлеуметтік желілерде «ақпанның 14-нен кейін жер жаппай сатылады және шетелдіктерге жалға беріледі» деген арандатушы ақпараттар пайда болды. Ресми түрде айтып отырмын: ол жалған, өтірік әрі арандатушы ақпарат деп есептеймін», - дейді ол.


Мұхтар Тайжанның айтуынша, заң жобасында ол туралы бірде-бір сөз жоқ.


«Мен оған өз басым кепіл бере аламын. Керісінше, біз қараған заң жобасында халыққа пайдалы әрі тиімді нәрселер бар. Мысалы, жайылымдық жер, 10 сотық жер туралы, латифундизмге қарсы нақты нормалар бар. Сондықтан, біздің заңымыз қабылданғаннан кейін «жер жаппай сатылады немесе шетелдіктерге жалға беріледі» деген сөз жалған. Содан кейін хаттың (ақпараттың) авторы да жоқ. Қарапайым сөзбен айтсақ, бұл - анонимка. Егер бұл хаттың авторында фактілер мен дәлелдер болатын болса, неге халықтың алдына шықпайды? Неге дәлелдерін көрсетпейді?», - дейді Мұхтар Тайжан.


Ол сонымен бірге, осы мәселеге қатысты ақпанның 16-сында осында үлкен жиын, қоғамдық талқылау өткізілетінін айтты.


«Жан-жақтан, аймақтардан беделді, салмақты азаматтар келеді. Білікті заңгерлер тәуелсіз сараптама дайындап, қоғам талқылауында баяндап береді. Сондықтан, бұл заңда еш халықтан жасыратын немесе халыққа зиянды нәрселер жоқ. Мұны мен сенімділікпен айтып отырмын», - деп түйді Мұхтар Тайжан.


Айта кетсек, қазіргі уақытта ҚР Парламент Мәжілісінің жұмысында «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасы қаралуда.


 




Көрілген: 2738    Пікірлер: 79

дүйсенбі, 05.02.2018, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31