Ел жаңалықтары

Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

  • Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

    Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Бұл туралы Мемлекет басшысының өкімінде хабарланды. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу барысында "Ел жүрегі - Астана" концепциясын бекіту және комиссия туралы ереже мен комиссия құруды тапсырды. 


"Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген хабарламада. 




Көрілген: 481    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 30.09.2017, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31