Ел жаңалықтары

Назарбаев Қарағандыда жас жұбайларға тосынсый жасады

  • © Foto: Официальный сайт президента РК

    © Foto: Официальный сайт президента РК

Қарағандыда жас жұбайлар неке қию рәсімін ұзақ уақыт есте сақтайтын болды, өйткені оларды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтады.


Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа "Ақ сарай" салтанат сарайына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


Қазақстан президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.


"Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.


Жас шаңырақ иелері Қазақстан президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде "7-20-25" бағдарламасы үшін алғыс білдірді.


Жаңа салтанат сарайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.


Sputnik


 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31