Ел жаңалықтары

Назарбаев Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

  • Назарбаев Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

    Назарбаев Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

Назарбаевтың жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Оның орнына Президент ұлттық экономиканың вице-министрі болған Мадина Әбілқасымованы тағайындады.


Естеріңізге сала кетсек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға ескерту жасаған болатын.


«Бізге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуін кейінге қалдыруға тура келді. Бұның негізгі себебі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми жұмыс істейтін халықты жүйеге тарту проблемасы болды. Олар салық төлемейді. Қысқасын айтқанда, «көлеңкеде тұр». Менің осы туралы айтып келе жатқаныма кем дегенде бес жыл болды. Нақты тапсырмалар бердім. Дегенмен, олармен ешкім дұрыстап айналыспайды. Мен министр Дүйсеноваға бірнеше рет айтқанмын. Тамара, не болды, айтшы? Немесе, осы жұмыстан шаршадың ба?» - деген еді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев.




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 19:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31