Ел жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразияда бейбітшілікті насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының арнайы номинациясы берілді, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұған дейін "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығы кеңесінің "Еуразия құрлығында бейбітшілік пен ынтымақтастық идеясын насихаттауға қосқан үлесі үшін" - "Мудрая сила" - "Мудрая сила Евразии" атты жаңа халықаралық номинация құруды ұйғарғаны хабарланған еді.


Аталған номинациядағы лауреатты таңдау үшін "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының кеңесі беделді халықаралық ұйым - Еуразия телевидение және радио академиясына жүгінген және жаңа халықаралық номинацияның лауреатын анықтауды сұраған.


"Халықаралық қауымдастық бұл сыйлықты біртуар замандасымыз, болашақты құруға атсалысып жүрген адамға берді. (...) Еуразияшылдықтың саяси философиясын құрған бұл адамның қосқан үлесі ерекше. Әрине, Еуразия телевидение және радио академиясы президиумының бірлескен шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріледі", - деді Еуразия телевидение және радио академиясының президенті Валерий Рузин Астанада өтіп жатқан "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде.


 




Көрілген: 751    Пікірлер: 6

сенбі, 03.02.2018, 17:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31