Ел жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек

  • © Times.kz

    © Times.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында цифрландыруды неге дамыту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Маған түрлі ақпарат келіп түсіп жатады. Мәселен, мектепке еден жуушы болып орналасу үшін пара беру керек. Мұғалім болып жұмысқа тұру үшін пара қажет. Басқа облыстарда мұндай жоқ, тек сіздерде ғана. Басқа өңірлерде де осындай жағдай болса, не істемекпіз?", — деді Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдеріне.


Президенттің айтуынша, бизнес, жер бөлу, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, білім беру салаларында ашық режимді енгізу үшін цифрландыруды дамыту керек.


"Әрине, халық саны көп, жұмыссыздық бар шығар. Жұмыс орындары жетпейді. Цифрландыруға көшпей, бұл мәселені шеше алмайсыздар. Нәтижесінде кедейлік мәселесі шешіледі", — деді мемлекет басшысы.


Айта кетейік, Астанада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста мемлекет басшысының өткен жылы партия саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау және президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралуда.


 


 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30