Ел жаңалықтары

Өлтіріп, денесін жарты ай үйінде сақтаған. Қарағанды облысындағы сұмдық оқиға

  • Өлтіріп, денесін жарты ай үйінде сақтаған. Қарағанды облысындағы сұмдық оқиға

    Өлтіріп, денесін жарты ай үйінде сақтаған. Қарағанды облысындағы сұмдық оқиға

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылының тұрғыны пәтерде бірге тұрған танысын өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған. Бұл туралы ер адамның көршілері адам денесінің иісін байқаған соң тек 16 күннен кейін белгілі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жантүршігерлік қылмыс 2017 жылдың қазанында жасалған. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, қылмыс жасалғанға дейін бір ай бұрын Қырғызстанның 49 жастағы тумасы танысына оның пәтерінде бірге тұруды ұсынған. Ал танысы болса келісімін беріп, тіпті ақша төлемей-ақ тұра беруіне болатынын айтқан. 14 қазанда екеуі жанжалдасып қалған. Нәтижесінде пәтердің иесі танысына былапыт сөздер айта бастаған. Ал екіншісі болса айтылған сөздерге шыдамай, оған бірнеше рет пышақ салған. "Күдікті оған үш рет пышақ салған, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмады. Қылмысын жасаған күдікті осы жағдайдан кейін де ішімдік ішіп, пәтерде тұра берген. Шамамен 1-2 күннен соң ол қылмысын жасыру мақсатында денені бөлшектеп, паласқа орап тастаған", - делінген айыптау актісінде. Ал қылмыс жайлы тек 16 күннен кейін белгілі болған. Мұны бірінші болып көршілері байқаған. Олар ер адамның көрінбей кеткенін айтып, полицияға хабар берген. "Көршілер бастапқыда ер адамның пәтерінің есігін ұрған, алайда оларға ұзақ уақыт бойы есікті ешкім ашпаған. Бірақ есік ашылған соң көршілері жаман иісті сезген. Есікті ашқан күдікті ер адамдың үйде жоқ екенін, әпкесі Теміртауға алып кеткенін айтқан. Алайда көршілері оның айтқанына сенбей, полицияға хабар берген. 30 қазанда пәтерге учаскелік полицейлер келіп, ер адамның денесін табады. Ал күдікті болса сол сәтте әрең дегенде орнынан тұрған, қатты мас болған", - делінген қылмыстық іс материалында. Қылмыстық іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы айыпты деп танылып, 13 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот оған ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделуді міндеттеді.




Көрілген: 1310    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31