Ел жаңалықтары

Орал тұрғыны «Что? Где? Когда?» білгірлерінен жарты млн рубль ұтып алды

  • © «Мой город»

    © «Мой город»

Орал тұрғыны Борис Красников Ресейдің Бірінші арнасында көрсетілген «Что? Где? Когда?» ойыншыларынан жарты миллион рубль ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік «Мой город» порталына сілтеме жасап.


Б.Красниковтың тіс щеткасы туралы сұрағы «Что? Где? Когда?» ойынының қысқы сериясының финалында қойылған.


«Біздің қызметкерлер сіздерге тәулік бойы қызмет етеді. Дәл осындай жазу бір компанияның плакатында көрсетілген. Сонымен бірге, плакатта ер адам бейнеленген, оның жейдесінің қалтасында қаламсап, маркер және үшінші зат қара жәшікте жасырылған», - деген сұраққа тәжірибелі ойыншы Виктор Сиднев бастаған команда дұрыс жауап бере алмады.


Сұрақтың жауабы тіс щеткасы болып шықты. Нәтижесінде оралдық Борис Красников 461 мың рубль жеңіп алды.


Айта кетейік, «Что? Где? Когда?» телеойыны КСРО-да режиссер Владимир Ворошилов пен редактор Наталья Стеценконың идеясымен құрылған. Бағдарламаның алғашқы шығарылымы 1975 жылдың 4 қыркүйегінде эфирден көрсетілген. Ойын ережесіне сәйкес, «Телекөрермендер тобы» мен «Білгірлер тобы» сайысқа түседі. Телекөрермендер білгірлерге сұрақ қояды, а олар оның жауабын бір минутта беруі тиіс. Дұрыс жауап берсе, білгіштер ұпайға ие болады. Қателескен жағдайда ұпайды телекөрермендер иеленеді. Ұпайдан бөлек, телекөрермендерге ақшалай сыйлық беріледі.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.01.2018, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30