Ел жаңалықтары

Өскеменде қасқырлар қала тұрғындарының зәресін алды

  • Өскеменде қасқырлар қала тұрғындарының зәресін алды

    Өскеменде қасқырлар қала тұрғындарының зәресін алды

Ветеринарлар мен аңшылар №19 шағын ауданда рейд жүргізді. Себебі жергілікті тұрғындар бұл ауданда қасқыр жүргенін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Өскемен қаласының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.


Жақында ЖМК шетіндегі жаңа шағын аудандардың бірінде тұратын тұрғындар Көкжал Барақ көшесі жақта қасқыр жүр деген хабарлама таратты. Қала азаматтары желтоқсанда да қоқыс контейнерлерінің қасынан жыртқыштарды көргенін айтқан. Адамдар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды.


«Ветеринарлар Аңшылық одағының өкілдерімен байланысып, қауіптің алдын алу мақсатында ЖМК маңында бірлескен рейд жасады. 19 қаңтарда қалалық ветеринар бөлімінің мамандары басшыларымен бірге шағын ауданды аралады. Қызметкерлер жергілікті тұрғындармен де кездесті. Сөйтсе, шынымен қасқырлар ЖМК-ның адамдар тұратын жағына келе бастапты. Жақын жерде олардың үйірі болуы мүмкін», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.01.2018, 22:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31