Ел жаңалықтары

Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

  • Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд  теңгеге жуық жарна түсті

    Өткен айда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Биылғы қазан айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасын аударды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған шілде айынан бері түскен жарналар мен аударымдар мөлшері 18,6 млрд теңгеге жетті. Оның 81 пайызы немесе 15,02 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Ал, қалған 19 пайызы немесе 3,54 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Қор мәліметінше, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы (жалпы соманың 21,6%) мен Астана (12%) қалалары, сондай-ақ Қарағанды (8,2%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстары көш бастап тұр.

Көрсеткіш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының биылға жасаған болжамдарына сай.

Естеріңізге сала кетсек, шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер (жеке меншік нотариустар мен сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) және азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна төлеп жатыр. Жұмыс берушілер биыл жұмыскер жалақысының 1 пайызын, жеке кәсіпкерлер 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын аударады. Нақтырақ айтқанда, жарна мөлшері 2017 жылы 2445 теңге 90 тиынды, 2018 жылы – 2828 теңгеге тең. Жарна есептелетін жалақының ең жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек. АҚК негізінде еңбек ететін азаматтар табысының 5 пайызын аударады.


 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.11.2017, 14:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30